Бергарипов Халибек Зейнуллинович
Біздің тапсырыс
берушілеріміз

«БИТЕЛЕКОМ» ӨҚТК АҚ Қазақ КСР-і Үкіметінің 1963 жылғы шешімімен Республикадағы байланыс нысандарының құрылысын жүргізуші үш мәрте Қызыл тулы Республикалық мамандандырылған «Казсвязьстрой» құрылыс - монтаж тресінің заңды мұрагері болып табылады.

Компанияның құрылымын, кадрлық әлеуетін, өндірістік қуаттылығын сақтап және жетілдіре отырып, Компания әлемдік стандарттар негізінде жобалау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді, телекоммуникация нысандарының құрылыстарын толық және сапалы аяқтап, жерасты коммуникацияларын қазусыз орналастыру жөніндегі жаңа технологияларды табысты енгізіп келеді. «БИТЕЛЕКОМ» құрамына: Жобалау Орталығы , Қазақстан Республикасының облыс орталықтары: Алматы, Астана, Тараз, Шымкент,Қызылорда, Ақтөбе, Семей,Орал, Ақтау, Атырау, Талдықорған, Өскемен қалаларында орналасқан. 11 жылжымалы механикаландырылған колонналар кіреді Тұрақты қызметкерлер саны 1000 адамды құрайды, олардың 350-ден астамы жоғары білімді мамандар.

Қазіргі уақытта телекоммуникация нысандарында құрамында 300-ден астам қуатты бульдозерлер, трактор-сүйретпелер, кабель жайғастырушы жабдықтар, автокөтергіш, экскаватор, автокөліктер т.б. техникалары бар 8 механикаландырылған колонна жұмыс істейді. Алматы, Шымкент және Ақтөбе механикаландырылған колонналары құрамы әр түрлі қуаттылықтағы CompAir (ФРГ) өндірісінің компрессорлар паркінен, Superjet және Cablejet (Швейцария) кабель үрлегіш жабдықтарынан, оптикалық талшықтарды дәнекерлеу құрылғыларынан, рефлектометрлерден, оптикалық телефондардан, портативті ауыспалы генераторлардан және АҚШ, ФРГ, Жапония сияқты басқа да ірі өндіруші фирмалардың жабдықтарынан тұратын арнайы құрылыстық-монтаждық қосымша техникалармен жабдықталған. Сонымен қатар өзінің техникалық сипаттамасы бойынша бірегей Vermeer (АҚШ) фирмасының құбырларды табиғи кедергілер және инженерлік құрылыстар (өзендер, су қоймалары, темір жол және автомобиль жолдары және т.б.) астында орналастыруға арналған деңгейлес бағыттағы бұрғылау машинасы бар.

«БИТЕЛЕКОМ» ӨҚТК АҚ жанынан талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) өлшеу, сынақтан өткізу және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуші мамандарды даярлайтын және олардың мамандықтарын жетілдіретін Оқу Орталығы құрылған. Оқу орталығында «Қазақтелеком» АҚ-ның, «ТрансТелеком» АҚ-ның, ССГПО, Үлбі металлургиялық зауыты және басқа да кәсіпорындардың филиалдары мен бөлімшелерінің мамандары даярлықтан өтеді.

Компания құрылған күнінен бастап Республиканың байланыс министрлігі құрылыс нысандарының негізгі Бас мердігері болып келеді. Осы уақытқа дейін көптеген қалалар мен елді мекендерде телефон станциялары, кабельді, радиорелейлік және әуе байланыс желілері, сымсыз радиоқабылдау жүйесі және басқа да республикалық байланыс нысандары салынды.

Бүгінгі таңда Компанияның негізгі тапсырыс берушілері: «Қазақтелеком» АҚ, облыстық телекоммуникациялар дирекциялары, KZ ТРАНС, Huawei Technologies Co.Ltd, «Алкатель Интегрейшин Сервисез Гмбх» және басқа да ұйымдар.

«БИТЕЛЕКОМ» ӨҚТК АҚ Алматы қаласында 2001 жылы құрылған полиэтиленді құбырлар шығаратын «Спира-Берга» зауытының құрылтайшысы болып табылады. Зауыт Қазақстанда импорт алмастыру ұлттық бағдарламасы шеңберінде құрылған. Қазіргі күні диаметрі 40/32, ішкі ұзартылған рифлениесі және лубрикациялық жабындысы бар талшықты-оптикалық кабельдерге арналған арнайы полиэтиленді құбырлар өндіріліп, тұтынушыларға өткізіліп отыр. Шығарылған құбырлар әлемдік ISO 9001 стандарттарына сай келеді. Полиэтиленді құбырлар шығару жабдықтары әлемдегі алдыңғы қатарлы экструзионды желілер өндіретін бірден бір компания – Австрияның CINCINATTI EXTRUSION фирмасынан алынған. Бұл күнде Қазақстан Республикасында ұқсас мұндай полиэтиленді құбырларды ешкім өндірмейді. Басты жетістіктердің бірі – өндірілген полиэтиленді құбырлардың бағасының салыстырмалы төмендігі, себебі құбырларды алыс және жақын шетелдерден тасымалдау барысында баға үлесіне транспорттық, кедендік және сақтандыру шығындары кіреді.